05 ақпан 2015 | 17:03

Нығматулин жауапты хатшылар жұмысындағы кемшіліктерді жоюды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Нығматулин. ©Мансұр Хамит Нұрлан Нығматулин. ©Мансұр Хамит

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин орталық атқарушы органдар жауапты хатшыларының жұмысындағы кемшіліктерді жоюды тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин орталық атқарушы органдар жауапты хатшыларының жұмысындағы кемшіліктерді жоюды тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президент Әкімшілігі басшысының төрағалығымен өткен кеңеске орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары қатысты. Онда министрліктердің стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді орындау, персонал мен бюджет қаражатын басқару, мемлекеттік қызмет көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және құқықтық қамтамасыз ету салаларындағы жұмысының өткен жылдағы қорытындылары талқыланды.

"Нұрлан Нығматулин жиналысты қорытып, жауапты хатшылар жұмысындағы анықталған кемшіліктерді жою және Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын мүлтіксіз орындау жөнінде нақты тапсырмалар берді", - деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі. 

Президент Әкімшілігінің орталық атқарушы органдар жауапты хатшыларының қызметін қадағалау жөніндегі жұмысы бұдан әрі жалғасатын болады.

Еске сала кетейік, өткен жылдың маусым айында Қазақстан Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің министрліктердің жауапты хатшыларымен апта сайын кездесіп отыратын болатыны хабарланған еді. "Орталық атқарушы органдар қызметінің түрлі мәселелерін талқылау мен шешу мақсатында Президент Әкімшілігі жетекшісінің жауапты хатшылармен апта сайынғы кездесуін тәжірибеге енгізу туралы шешім қабылданды", - делінген болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети