11 қыркүйек 2017 | 10:44

Нығматулин латынға көшу жайлы: Орыс тілі мен кирилл қарпіне ұқыпты қарауымыз керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Нығматулин Нұрлан Нығматулин

ҚР Парламент Мәжілісінде "Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" тыңдау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Парламент Мәжілісінде "Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" тыңдау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламенттік тыңдауда сөйлеген сөзінде Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин латынға көшудегі түбегейлі мәселелерді атап өтті. 

"Мемлекеттік тілдің реформасы мемлекеттік тіл саясатын өзгертуге бағытталмағанын ерекше атап өту қажет. Әліппенің өзгерісі қазақ тіліне қатысты. Латынға өту бірінші кезекте қазақ әліппесін мен орфография ережелерін реформациялауға бағытталған, мұның арқасында тіл фонетикасы мен оның графикасын бекіту мүмкін болады. Осылайша латын қарпін енгізу мемлекеттік тілдің дамуындағы ішкі мәселелерін шешуге арналған", - деп атап өтті Мәжіліс спикері. 

"Мемлекет басшысының айтуынша, латынға өту орыс тілінен, кирилл қарпінен бас тартуды білдірмейді. Латын бірінші кезекте қазақ тіліне қатысты. Орыс тілінде шығып жатқан барлық баспасөз жұмысын жалғастыра береді. Яғни орыс тілді азаматтарға кирилл қарпі қала береді", - деді Нұрлан Нығматулин.

"Орыс тілі мен кирилл қарпіне ұқыпты қазақ тілі сияқты ұқыпты қарауымыз қажет. Орыс тілін білу ұлтымыздың тарихи басымдығы екені анық", - деді Нығматулин.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети