18 қаңтар 2017 | 10:40

Нығматулин Мәжілістің 2017 жылғы бірінші жалпы отырысын ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Нығматулин. © Тұрар Қазанғапов Нұрлан Нығматулин. © Тұрар Қазанғапов

Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин палатаның 2017 жылдағы бірінші отырысын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин палатаның 2017 жылдағы бірінші отырысын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл осы жылдағы бірінші отырысымыз. Өздеріңіз білетіндей, алдымызда Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тапсырған жауапты міндеттер тұр. Сапалы заңмен қамту жолында атқарар жұмыс көп", - деп мәлімдеді Мәжіліс спикері.

Айтуынша, халықпен кездесулер депутаттарға қабылданып жатқан заңдардың жүзеге асырылу деңгейін әділ бағалауға, адамдардың пікірін жедел қабылдап, оларды алдағы заң шығару жұмыстарында есепке алуға мүмкіндік береді. "Бұл сессияның соңына дейін Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытын жүзеге асыруға қажетті көптеген маңызды заңды қабылдау керек", - деді Нығматулин.

Ол биылғы бірінші отырыста депутаттардың жергілікті өзіндік басқаруды дамыту мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда қарайтынын хабарлады.

"Алдағы уақытта денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер бойынша заң жобасын қараймыз. Сондай-ақ, жол қозғалысы, ақпарат және коммуникация мәселелері, коммерциялық емес ұйымдардың қызметі сияқты маңызды заң жобаларын мұқият қарауымыз керек. Жұмыс жоспарында кодекстер бар - салық пен жер кодекстері. Заң жобаларын қарау кезінде азаматтық қоғам өкілдерімен үнемі диалог болып, жалғасын табуы керек және палата жұмысының ақпараттық ашықтығы қамтамасыз етілуі тиіс. Орталық атқарушы органдардың қызметінің түрлі аспектін парламенттік бақылауды қамтуда үкімет сағатының маңызы зор", - деді Нұрлан Нығматулин.

Төменгі палатаның төрағасының айтуынша, бұл сессияның соңына дейін Мәжіліс депутаттарының алдында үкімет сағаты аясында үкіметтің 15 министрінің 11-і "қазақстандық қоғамның назарындағы" проблемаларға қатысты сөз сөйлейді. 

"Бұл бірінші кезекте ішкі және сыртқы саясат мәселелері, елдің экономикалық және әлеуметтік өмірі мәселелері. Парламенттік тыңдаулар өткізіледі, осы мәселеде ең өзекті "Қазақстан Республикасында дәрі құралдарымен қаматамсыз ету және фармацевтикалық салалардың даму жағдайы туралы" тақырыбы бойынша шешім қабылданған. Осылайша, Мәжіліс қызметінің негізгі бағыты заң шығару сапасы, барлық мемлекеттік органның заңды жүзеге асыруын бақылауды күшейту болады. Атқарылар жұмыс көп, қауырт жұмыс", - деп қорытындылады сөзін Нығматулин.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети