Нығматулин мен Әлсейітов Nur Otan партиясының саяси кеңесі құрамынан шығарылады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нығматулин мен Әлсейітов Nur Otan партиясының саяси кеңесі құрамынан шығарылады Нұрлан Нығматулин, Оспанбек Әлсейітов. Фото: parlam.kz, pnhz.kz

Nur Otan партиясының жауапты хатшысы Асхат Оралов партияның саяси кеңесі құрамына ұсынылып отырған өзгерістер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Nur Otan партиясының жауапты хатшысы Асхат Оралов партияның саяси кеңесі құрамына ұсынылып отырған өзгерістер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мына сұрақтар қарауға ұсынылады:

  • Оспанбек Әлсейітов пен Нұрлан Нығматулинді партияның Саяси кеңесі құрамынан шығару туралы;
  • оның құрамына партияның мына мүшелерін - премьер-министр Әлихан Смайыловты, Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеуовты, "Астана" медициналық университетінің ректоры Қамалжан Надыровты және "Қазақ тілі қоғамы" вице-президенті Максим Рожинді енгізу туралы", - деді Оралов партияның кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінде.

Съезд мүшелері ұсынысты қолдап дауыс берді.

Съезд онлайн форматта өтіп жатыр. Президент XXII съезді шақыру туралы шешімді 18 ақпанда қабылдаған болатын. Оған бүкіл аймақтардың делегаттары қатысты. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық шараларын қолға алды. 

Еске салайық, былтыр қарашада саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім шығарды. Ол партияны ел Президенті басқаруы тиіс екенін айтты. 28 қаңтарда Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды.

Ақпанда Президент партия жұмысын жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды. Оның айтуынша, ел азаматтарының талап-тілектеріне толық жауап беруі үшін партияны жүйелі түрде қайта құру қажет. Сондай-ақ партия заманауи сын-қатерлерге төтеп беруге  және жедел әрекет етуге тиіс. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети