Нью-Йорктегі қазақ полицей Димаш Ниязов үйленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нью-Йорктегі қазақ полицей Димаш Ниязов үйленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Неке қию рәсімі кезінде түсірілген видеоны Димаш Ниязов Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Ол қатты қобалжығанын айтады. Геотегтерге қарап салтанатты шараның Гавай аралдарында өткенін аңғаруға болады. Қалыңдықтың есімі - Джениффер.
"Қандай керемет күн. Осы сезімді жеткізетіндей сөз таба алмай отырмын. Менің ойымша бұл менің ең мықты күнім. Мен өзімнің ең жақын досыма үйлендім. (...) Құдайға рақмет, достарыма және батасын берген отбасымыздың мүшелеріне рақмет. Біз сіздерді бағалаймыз және жақсы көреміз", - деп жазды полицей.
Димаш Ниязов - Нью-Йоркте полицей болып қызмет етеді, Қазақстан тумасы. 13 жасында АҚШ-қа қоныс аударған. NYPD (New York City Police Department) жұмыс істейді, Бруклин аудандарында патруль қызметін атқарады. 2017 жылдың басында ең үздік полицей атағын алды. Сондай-ақ, Димаш кәсіпқой боксшы.