НЗМ оқушылары емтихан тапсырмаларын әзірлеп, шынайы материал ретінде таратқан

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

НЗМ оқушысы жалған тапсырмаларды әзірлеп, ал басқа оқушылар тобы оларды шынайы емтихан материалы ретінде таратқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

НЗМ оқушысы жалған тапсырмаларды әзірлеп, ал басқа оқушылар тобы оларды шынайы емтихан материалы ретінде таратқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің төрағасы Әнуар Жанғозин Facebook-парақшасында мәлімдеді.

"Бұған дейін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектері тапсыратын қорытынды емтихан материалдарын сату мен алдын-ала тарату бойынша жалған ақпараттың пайда болғанын жазған едім. Бүгінге дейін мәселені жан-жақты зерттедік. Жүргізілген қызметтік тексеріс шаралары оқушыларымыздың бірінің тапсырмаларды өз бетінше әзірлегені, ал басқа оқушылар оны нақты емтихан материалдары ретінде таратқаны белгілі болды. Бұл біздің мектептердің академиялық адалдығы мен ішкі ережелерін қатаң бұзу болып саналады", - деп жазды Жанғозин.

Ол анықталған заңбұзушылықтарға сәйкес осындай келеңсіздікті туындатқан оқушыларға емтихандарды қайта тапсыру құқығынсыз емтихан нәтижелерін жою туралы шешім қабылданғанын түсіндірді.

"Бұл оқушылар қорытынды емтихандар аясында ҰБТ сертификатын алу мүмкіндігінен айырылады. Материалдарды таратуға қатысқан қалған оқушыларға да тәртіптік жаза қолданылды. Біз мектептеріміздегі білім беру процесінің сапасы мен тұтастығын сақтау үшін білім берудің жоғары стандарттарын, академиялық адалдық пен ашықтық принциптерін ұстануды бұдан әрі де жалғастырамыз".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.2  course up  538.43  course up  5.27  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer