ОА елдерінің басшылары кездесуінде қандай қорытынды жасалды?

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОА елдерінің басшылары кездесуінде қандай қорытынды жасалды? Фото: Ақорда

ОА мемлекеттері басшыларының кездесуінде бірнеше құжатқа қол қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОА мемлекеттері басшыларының кездесуінде бірнеше құжатқа қол қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуінің бірлескен мәлімдемесі, Өңірлік ынтымақтастықты дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған жол картасы, Орталық Азия мемлекеттерінің көпжақты форматтар аясындағы өзара іс-қимылдар тұжырымдамасы, Орталық Азияға арналған "Жасыл күн тәртібі" аймақтық бағдарламасының қабылданғаны мәлім болды.

"Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Орталық Азияны ХХІ ғасырда дамытуды көздейтін достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шарт келісілді. Оған қол қою рәсімі басталды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Аралды құтқару халықаралық қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының Аралды құтқару халықаралық қоры президентінің өкілеттіктерін ұзарту туралы шешімге қол қойылғаны белгілі болды.

"Бүгінгі Саммиттің қорытындысы Орталық Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік және өркендеу үшін аймақтық кооперацияны дамытудың жаңа кезеңі болады деп санаймын. Қазақта "Татулық - таусылмас бақыт" деген даналық бар. Уақыт сынына төтеп берген тығыз әрі сенімді қарым-қатынасымыз, ортақ тарихи және рухани тамырымыз елдеріміз арасындағы достығымыздың сарқылмас көзі болатынына сенемін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети