ОАР президенті Джейкоб Зума Қазақстанға 2015 жылы келуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ОАР президенті Джейкоб Зума Қазақстанға 2015 жылы келуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов оңтүстікафрикалық мемлекетінің сыртқы саясат ведомствосы басшысы Номаиндия Мфекетомен келіссөздер жүргізді. Келіссөздер барысында екі мемлекет арасындағы қатынастарды ынталандырудағы ең жоғары деңгейдегі кездесулердің маңыздылығы аталып өтті. "Осыған орай, тараптар ОАР Президенті Дж. Зуманың 2015 жылы Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырды", - делінген хабарламада.
Тараптар ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлады. Ыдырысовтың айтуынша, Преторияда Қазақстан елшілігінің ашылуы республика басшылығының айрықша назарын көрсетеді. ОАР президентінің сапарын талқылаумен қатар, күн тәртібінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне 2017-2018 жылдарға Қазақстанның тұрақсыз мүшелік етуге кандидатурасын ұсыну мәселесі болды. СІМ басшысы республиканың Африка мәселелері жайлы жақсы білетінін және құрлық елдерімен жақын қызметтестікке дайын екенін айтты. "Біз БҰҰ ҚК-де экономикалық даму және лаңкестікпен күрес саласындағы маңызды мәселелерді ілгерілетуге дайынбыз. Бұл үшін біздің қажетті ресурстарымыз бен тәжірибеміз бар. ОАР Қауіпсіздік кеңесіне екі мәрте тұрақсыз мүше болғандықтан, біздер үшін сіздердің осы саладағы тәжірибелеріңіз аса пайдалы болар еді", - деді Ерлан Ыдырысов.
Айта кетейік, ОАР президенті 2014 жылы маусым айында қайта сайланған болатын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Джейкоб Зумаға құттықтау жеделхатын жіберді. "Қазақстан Республикасы Оңтүстік Африка Республикасымен арадағы байланыстарды әрі қарай тереңдетуге, екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды жаңа деңгейге шығаруға мүдделі", - делінген жеделхатта.