Saturday Night Live кешкілік шоуында көрсетілген Барак Обама мен Дональд Трампқа жасалға пародияда Қазақстан туралы әзіл айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бағдарлама авторлары Ақ үйдің Барак Обама және АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп "жиі сөйлеседі" деген мәліметі бойынша әзілге құрылған көрініс жасады.

Saturday Night Live жүргізушісі Конан О'Брайен болып жатқан жағдай туралы көбірек білетінін айтты. "Ханымдар мен мырзалар, бұл ғаламат! Біз Барак Обама мен Дональд Трамп арасындағы бірнеше әңгіменің жазбасын алдық. Күлмеңіздер, бұл шындық", - деді ол. Бұл жазбада "Трамп" "Обамадан" Ақ үйде іс жүргізу туралы кеңес сұрайды. Қазақстан туралы әзілдің толық аудармасын ұсынамыз.
- Алло.
- Жылдам сұрақ. Қазақстан?
- Сұрағың қандай?
- Ол не? Ет тағамы ма?
- Қазақстан - Орталық Азиядағы ел. Ресей және Қытаймен көршілес жатыр.
- Түсінікті. Нақтылап алайын. Ол бізге керек пе?
Еске салайық, мұның алдында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ басшысы Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, сайлаудағы жеңісімен құттықтағаны хабарланған болатын. Өз кезегінде АҚШ-тың жаңа президенті Елбасын Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттыған еді. Трамп республика Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіздік жылдары ғажап жетістіктерге жеткенін атап өткен. Бұл туралы 30 қараша күні Ақорданың ресми сайтында хабарланған болатын.