02 желтоқсан 2016 | 12:10

Обама мен Трамп туралы телевизиялық пародияда Қазақстан туралы әзіл айтылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Saturday Night Live © Saturday Night Live

Saturday Night Live кешкілік шоуында көрсетілген Барак Обама мен Дональд Трампқа жасалға пародияда Қазақстан туралы әзіл айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бағдарлама авторлары Ақ үйдің Барак Обама және АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп "жиі сөйлеседі" деген мәліметі бойынша әзілге құрылған көрініс жасады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Saturday Night Live кешкілік шоуында көрсетілген Барак Обама мен Дональд Трампқа жасалға пародияда Қазақстан туралы әзіл айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бағдарлама авторлары Ақ үйдің Барак Обама және АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп "жиі сөйлеседі" деген мәліметі бойынша әзілге құрылған көрініс жасады.

Saturday Night Live жүргізушісі Конан О'Брайен болып жатқан жағдай туралы көбірек білетінін айтты. "Ханымдар мен мырзалар, бұл ғаламат! Біз Барак Обама мен Дональд Трамп арасындағы бірнеше әңгіменің жазбасын алдық. Күлмеңіздер, бұл шындық", - деді ол. Бұл жазбада "Трамп" "Обамадан" Ақ үйде іс жүргізу туралы кеңес сұрайды. Қазақстан туралы әзілдің толық аудармасын ұсынамыз.

 - Алло.

 - Жылдам сұрақ. Қазақстан?

 - Сұрағың қандай?

 - Ол не? Ет тағамы ма?

 - Қазақстан - Орталық Азиядағы ел. Ресей және Қытаймен көршілес жатыр.

 - Түсінікті. Нақтылап алайын. Ол бізге керек пе? 

Еске салайық, мұның алдында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ басшысы Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, сайлаудағы жеңісімен құттықтағаны хабарланған болатын. Өз кезегінде АҚШ-тың жаңа президенті Елбасын Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттыған еді. Трамп республика Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіздік жылдары ғажап жетістіктерге жеткенін атап өткен. Бұл туралы 30 қараша күні Ақорданың ресми сайтында хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 528.52  course up  543.02  course up  5.18  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer