Обама сириялық опозицияға қатысты заңға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Обама сириялық опозицияға қатысты заңға қол қойды

 АҚШ президенті Барак Обама америкалық әскерлерге Сириядағы "Ислам мемлекеті" терроршыларымен күресіп жатқан сарбаздарды оқып үйретуге құқық беретін заңға қол қойды,-деп хабарлайды Lenta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

 АҚШ президенті Барак Обама америкалық әскерлерге Сириядағы "Ислам мемлекеті" терроршыларымен күресіп жатқан сарбаздарды оқып үйретуге құқық беретін заңға қол қойды,-деп хабарлайды Lenta.ru.


Бұған дейін бұл ұсынысты АҚШ Конгресінің екі палатасы да қолдаған болатын. Құжаттың авторы әскери күш құрылымы комитетінің төрағасы Говард Маккеон.


Заң қабылдау барысында дауыс беріліп болғаннан кейін Обама "жоспар бойынша әрекет етіп, бір мақсатқа жұмылуымыз Сириядағы "Ислам мемлекеті" терроршыларымен күресте АҚШ азаматтарының ұстанымы біртұтас екенін көресетеді" деді. 

Сондай-ақ Барак Обама "Қазір араб елдерін қосқанда 40-қа жуық мемлекет терроршылармен күресу үшін құрылған коалиция аясына бірігіп, Сирияға қол ұшын соза бастады" дегенді алға тартты. 

Пентагон өкілдерінің мәлімдеуінше, әскеру оқу-жаттығуы жоспар бойынша 2015 жылы жүзеге аса бастайды. Әскери-жаттығуға бес мың сириялық сарбаз қатысады.
Еске салайық, Обама бұған дейін де "Ислам мемлекеті" терроршыларымен күресуге қатысты жаңа жоспар құрған болатын. Ол  жоспарды таныстыру барысында АҚШ-тың Иракқа жаяу әскер кіргізбейтінін, содырларға әуеден соққы беретінін  жеткізген.

Сондай-ақ Обама Ирак пен Сириядағы "Ислам мемлекеті" атты қарулы экстремистік  содырларымен соғысатын коалиция құру қажеттігін де мәлімдеген болатынын.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети