06 қыркүйек 2016 15:06

Облыс әкімдігіндегілер Қапшағай әкімінің тәртібіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының әкімдігіндегілер Қапшағай әкімінің тәртібіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы облысының әкімдігіндегілер Қапшағай әкімінің тәртібіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Таяуда кейбір БАҚ-тарда Қапшағай қаласының әкімі Сәтжан Кикимовтың азаматтарды қабылдау барысында олармен дөрекі сөйлескені түсірілген видеоның Интернетке жариялануы туралы мәлімет тарады. Кикимовтың әдепсіз қылығы бақылауға алынды. Осыған байланысты, Қапшағай әкімі Сәтжан Кикимов қызметтік этика нормаларын сақтамаған, бұл жағдай Алматы облысының этика жөніндегі кеңесінің қарауына жіберілді. Оның қорытындысы қосымша хабарланады", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер. 

Еске салайық, осыған дейін даулы видеоның кейіпкері болған Қапшағай әкімі Сәтжан Кикимов оқиғаның мән-жайын айтып берген болатын. Tengrinews.kz тілшісімен әңгімелескен ол әрқашан да зор дауыспен сөйлейтінін және атышулы видеода ешкімнің ар-намысына тимегенін мәлімдеді. Бірақ ол халық арасындағы ер адаммен "сіз" деп емес, "сен" деп сөйлескенін қателік деп біледі екен.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети