24 сәуір 2016 | 18:07

Облыс әкімімен кездескеннен кейін Атырау тұрғындары алаңнан кетіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездескеннен кейін Атырау тұрғындары алаңнан кетіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездескеннен кейін Атырау тұрғындары алаңнан кетіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде өңір басшысының жиналғандарды тұрғындардың жазбаша берген ұсыныстарының қарастырылатынын айтып, сендіргені айтылады. Қажет болса қазіргі заңнама аясында сәйкес шешімдер қабылданады екен. Ноғаев алаңда белсенділердің жазаланбайтынын айтты.  

Жергілікті уақыт бойынша, сағат 16.15-тегі жағдай бойынша жиналғандар алаңнан кетіп қалды.

Еске салайық, бүгін, 24 сәуірде Атырау орталығындағы халық Исатай мен Махамбет атындағы алаңға Жер кодексіндегі нормаға наразылық білдіру үшін жиналды. Ресми мәліметтер бойынша, Атырау қаласының орталығында 650-700 шамасында адам жиналып, Жер кодексіндегі нормаларға деген наразылығын білдірді. Шеруге қатысушыларға Жер кодексіндегі нормалар түсіндірілді, сонымен қатар, ұсыныстарды жазбаша түрде жолдау ұсынылды. "Тыныштықты сақтайық, жағдайды ушықтырмайық. Ұсыныстарыңызды қағазбен жолдаңыздар. Біз шұғыл түрде оларды қарап, қажет болса жоғарыдағы органдарға жеткіземіз", - деді Атырау облысының әкімі Ноғаев.

Жиналғандар бұл ұсынысты қабыл алды. 

Осыған дейін Tengrinews.kz 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстандағы ауылшаруашылық жерлерінің аукцион арқылы жалға алынатынын хабарлаған болатын. Бұл жаңалық қоғамда қызу талқыға түсті, себебі көпшілік жерді шетел азаматтары алып алады деген болжамдар айтылды. Алайда ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері мұндай жолмен тек Қазақстан азаматтары ала алады деп түсіндірді, ал шетелдіктер ең көбі 25 жылға жалға алады деп анықтады. 

"Біздің азаматтарымыз "қалталы шетелдіктер бар жерді сатып алып қоймай ма?" деген сұрақ қояды. Қазақстанның бірде-бір миллиметр жері, бірде-бір сантиметр жері шетелдікке сатылмайды. Қазақстанның заңнама актілері оған ондай құқық бермейді. Мұндай жағдай жоқ, болмайды да", - деп қадап айтқан еді ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети