Облыс әкімі аудан әкімінің жұмысын бағалайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Облыс әкімі аудан әкімінің жұмысын бағалайды

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік істер агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов әкімдерді бағалау жүйесі жайында айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік істер агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов әкімдерді бағалау жүйесі жайында айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Келесі жылдан бастап аудан әкімдерін бағалау жүйесі енгізілсе, не болады? Біріншіден, облыс әкімі оған нақты көрсеткіштерді белгілеп береді. Мысалы, жұмыссыздық деңгейін бәленшеге азайту, ауданда шағын және орта бизнестің осыншама санын ашу сияқты көрсеткіштер болады. Бірақ біз бір нәрседен аулақ болуымыз қажет. Бәрі әрдайым тек формальды жоспарлар ғана болмауы тиіс. Кеңес дәуірінде қалай болды? Барлығы жүз пайызға орындалатын. Алайда экономика құлдырап бара жатты. Соған адам бейімделіп кетеді. Сондықтан бейресми, басшының (облыс әкімі - авт.) анау азаматқа (аудан әкімі - авт.) беретін бағасы қоса есептеледі. Оның ықпалы, ұйымдастыру қабілеті және тағысын тағы", - деп атап көрсетті Ә.Бәйменов бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда агенттік басшысы мемлекеттік қызметкерлерді өз құқықтарын қорғауға шақырып отыр. Себебі негізсіз жұмыстан шығару оқиғалары бар. Бүгінде агенттік ондай жағдайларға араласып, мемлекеттік қызметкерлердің қайта жұмысқа тұруына ықпал етіп отырады. "Қазір біз меритократияны (билікке, өз қызметіне сай болу - авт.) қорғау жөніндегі комиссияларды құру туралы ұсыныс әзірледік. Егер ол ұсыныс қабылданса, онда ұлттық деңгейде, облыстық деңгейде де өз қызметіне сай адамдарды қорғай аламыз. Әзірше, біз оның барлығын тәртіптік кеңес арқылы қарап жатырмыз", - дейді агенттік төрағасы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети