23 маусым 2022 | 15:55

Объективті әрі дұрыс көзқараста болуға шақырамын - Тоқаев

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:akorda.kz Фото:akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды объективті әрі дұрыс көзқараста болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды объективті әрі дұрыс көзқараста болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы елді прогрессивті демократияландыру үдерісі, азаматтардың табиғи түрде артып келе жатқан саяси белсенділігі тек заң шеңберінде жүруі керек екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанды құру бұл маңызды институционалдық өзгерістер ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік көзқарастар мен мінез-құлықтарды жаңғырту деп атады. Яғни жаңартылған құндылықтар мен дүниетаным жүйеміздің басты қағидаларының бірі - адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу болуға тиіс.

"Тұрақсыз, бірақ қарқынды дамып келе жатқан әлемде заңдар мен моральдық нормаларды құрметтейтін халық қана күшті және егеменді ел мәртебесін сақтай алады. Бүгінгі таңда қоғамда өткенімізге түрлі, кейде біржақты баға беріліп, ұшқары пікірлер айтылып жүр. Дегенмен, Тәуелсіздік кезеңіндегі айтулы жетістіктерді жоққа шығаруға болмайды. Тарихын, көшбасшыларын жоққа шығарған халықтың болашағы жоқ екенін есте ұстаған жөн. Сондықтан азаматтарды объективті әрі дұрыс көзқараста болуға шақырамын", - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әділдік пен мемлекеттің тиімділігіне деген сенімі көп жағдайда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен адами қасиеттеріне байланысты екенін айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети