“Одақтастар толық ақпарат алады“ - сарапшы Ақтаудағы ұшақ апатын тергеу туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Одақтастар толық ақпарат алады“ - сарапшы Ақтаудағы ұшақ апатын тергеу туралы Фото: instagram.com/mangystau_oblysynyn_akimdigi

Саяси шолушы Ғазиз Әбішев Ақтау маңындағы Azerbaijan Airlines әуекомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауын тергеу төңірегіндегі жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Саяси шолушы Ғазиз Әбішев Ақтау маңындағы Azerbaijan Airlines әуекомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауын тергеу төңірегіндегі жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшы Ресей мен Әзербайжан Қазақстанның одақтастары екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл жағдайда елдер арасындағы одақтастық қатынастарды ескеру маңызды.

"Қазақстанның оқиғаның себептеріне ешқандай қатысы жоқ. Әуе кемесі апатқа ұшырап, азаматтары қаза тапқан Әзербайжан Қазақстаннан алдын ала келісілген сенімді арналар арқылы толық әрі объективті ақпарат күтеді. Онда Қазақстанның азаматтары да қаза тапты", - деп жазды Әбішев өз Telegram-арнасында.

Әбішев екі ел де қажетті барлық мәліметті алатынына сенімді екенін білдірді.

"Ресей де осы апатта азаматтары қаза болғандықтан, толық ақпаратқа үміт арта алады. Екі ел де бұл ақпаратты алатыны сөзсіз. Себебі одақтастар одақтастарымен осылай әрекет етеді. Ал әрі қарай тараптар өздері қорытынды жасап, қолдағы ақпаратпен не істеу керек екенін шешеді", - деп қосты ол.

Бұған дейін Қазақстанның вице-премьері Қанат Бозымбаев Әзербайжан мен Ресейдің Ақтаудағы әуе апатын тергеуге қатысатынын мәлімдеген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети