ӨДҚ автонесие алған тұрғынның суретіне қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ӨДҚ автонесие алған тұрғынның суретіне қатысты пікір білдірді

Өнеркәсіпті дамыту қоры АҚ-ның IT-департамент басшысы Сәкен Сәбиев жеңілдетілген автонесиеге өтінімін алғашқылардың бірі болып тіркеп, әлеуметтік желідегі мемдердің кейіпкеріне айналған Мақсат есімді азамат туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мақсат есімді азаматтың лимит кезегіне сәтті тіркелгенін растаймыз. Бірақ сағат 7.00-де емес. Мен оның өтінімін өзі немесе бөгде біреу басқа бір тәсілмен редакциялады ма, ол жағын білмеймін. Ол өтінім сағат 10.00, 36 долисекундта берілді. Қалай болса да, сағат 7.00-де емес. Оны дәлелдейтін скриндер қолымызда бар", - деді ол.

Оның айтуынша, жеңілдетілген автонесиені рәсімдеу үшін 14 секунд жеткілікті.

"Мен видео нұсқау жаздым, оны кейін визуалды бөлігін жасау үшін SMM бөліміне жібердім. Менің видеом шамамен 14 секундқа созылды", - деп қосты Сәкен Сәбиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети