Ойын автоматының жанында тұрған Өскемен полицейлері видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ойын автоматының жанында тұрған Өскемен полицейлері видеоға түсіп қалды Иллюстрация © Тengrinews.kz

Өскеменде ойын автоматының жанында тұрған екі полицей туралы видео қызметтік тексеру жүргізуге әкеп соқты, - деп хабарлайды YK-news.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде ойын автоматының жанында тұрған екі полицей туралы видео қызметтік тексеру жүргізуге әкеп соқты, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Видео 23 маусым Қазақстан полициясы күнінде түсірілген. Стахановская көшесіндегі дәмханаға келушілер ойын автоматының жанында тұрған екі полицейді байқапты. Адамдар тәртіп сақшылары құмар ойындарын ойнап тұр деп болжады. Дәмхана қонақтары оларды видеоға түсіріп, бейнені Интернетке жариялады.

Жазбаның ұзақтығы 1,5 минут, форма киген екі ер адам терминалдың жанында тұр және олардың бірі дисплейден бірдеңені таңдайды. Видеоның авторы тәртіп сақшыларының құмар ойынын ойнағандарына сенімді. Бұл ролик жарияланғаннан кейін қызметтік тексеріс ұйымдастырылды. Ішкі істер департаментіндегілер полицейлердің әрекетінен ешқандай қылмыс таппады.

"Тексеріс олардың ойын терминалын қолданбағандарын көрсетті", - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. - Бұл екі қызметкер таңертең кезекшіліктерін тапсырып, ұялы телефондарына ақша салу үшін дәмханаға кіруге бел шешкен. Терминалдар жақын тұрыпты. Полицейлердің бірі ақшасын салып болғанша, екіншісі жай ғана ойын автоматының экранын басып тұрған. Дәмхана қонақтары тап сол сәтті түсіріп алыпты", - дейді ол.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети