02 сәуір 2018 | 12:39

ОҚО әкімі балмұздақтан уланған науқастармен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ОҚО әкімінің баспасөз қызметі © ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі балмұздақтан ішек инфекциясын жұқтырған науқастардың жағдайымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі балмұздақтан ішек инфекциясын жұқтырған науқастардың жағдайымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жексенбіде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев балмұздақ жеп, жіті ішек инфекциясын жұқтырып, ауруханаға түскен науқастардың жағдайымен танысып, жедел штаб отырысын өткізді.

"Алдын ала анықталған дерек бойынша, науқастар қаладағы "Южный" сауда нүктесінен балмұздақ сатып алып жеген. Олардың алғашқы легі Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 29-30 наурыз күндері жеткізілген. Науқастар бірнеше рет тоқтамай құсу мен іш өтуге шағымданған. Бүгінгі уақытта науқастардың 38-і үйлеріне жіберілсе, қалғандарына тиісті ем-дом көрсетіліп жатыр. 

Осы жағдайға байланысты облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы құрылып, қызметтік тексеру шаралары басталды. Науқастардың хал-ахуалы облыстық денсаулық сақтау басқармасының жіті қадағалауына алынды. Облыс әкімі науқастардың тез арада сауығып кетуіне барлық жағдайларды жасау керектігін ескертіп, жауапты басқармаға қосымша дәрігер мамандарды тартуға тапсырма берді", - дейді әкімнің баспасөз қызметі.

"Барлық науқастардың жағдайымен танысып шықтым. Бүгінгі күнге олардың жағдайы тұрақты, барлық тиісті ем - дом көрсетілуде. Ауруханада дәрі-дәрмек пен төсек орындары жеткілікті. Ең бастысы – науқастардың тез жазылып кетуіне барлық жағдай жасауымыз қажет. Осы ретте мен Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасындағы жұмыс кестесін күшейтуді тапсырамын", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

"Штаб отырысында орын алған оқиғаның себеп-салдары талқыланды. Мамандардың айтуынша, жіті ішек инфекция санитарлық эпидемиологиялық талаптардың сақталмауынан орын алған. Қазіргі таңда қосымша сараптама жұмыстары жүргізілуде. Ал мұндай дертке шалдыққандар шұғыл жасалған еменнен соң сауығып, отбасыларына оралып жатыр.

Аталған оқиғаға байланысты өңір басшысы облыстың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің жұмысын сынға алды. Жалпы қоғамдық тамақтандыру орындары тұрғындарға қызмет көрсетуде санитарлық нормаларды қатаң сақтауға міндетті. Ең бірінші кезекте халықтың денсаулығы қымбат екенін ескеріп, жауапты департамент тамақтандыру орындарына тиісті қадағалау жүргізуі қажет", - деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің мәліметінше, ОҚО Ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарымен айналысып жатыр.

Еске сала кетейік, 31 наурызда Шымкентте 50-ден аса адамның балмұздақтан уланғаны хабарланған болатын.

Ал кейінірек министрлік Шымкенттегі адамдардың балмұздақпен жаппай улануының себебін атаған болатын. "Алдын ала мәлімет бойынша балмұздақ қоспасы үй жағдайында дайындалған. Осыған байланысты тексеріс жұмыстары басталды. Ешмұратова өзінің кәсібін бастағанын мемлекеттік органдарға хабарламаған. Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіліп жатыр", - деп хабарлаған еді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети