ОҚО-да МКД басшысы орынбасарының пара алғаны әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі МҚІСЖҚІА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ОҚО-да МКД басшысы орынбасарының пара алғаны әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі МҚІСЖҚІА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті басшысының орынбасары Н.С.Теңлібаевты әшкереледі. Ол жалпы сыртқы экономикалық қызметтеріне қорғаушылық жасап, кәсіпкерлерден пара алу үшін қылмыстық схема ұйымдастырып, өзіне бағынышты төрт кеден бекетінің басшыларын тартқан", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, 2017-2018 жылдары берілген заңсыз сыйақылардың көлемі - 1,2 миллион доллар. Теңлібаев ҚПК 128-бабының негізінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.