ОҚО-да 14 жастағы жасөспірім 6 жасар балға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін көрсетті деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ОҚО-да 14 жастағы жасөспірім 6 жасар балға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін көрсетті деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 4 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау ауданында көшеде болған. ОҚО ІІД баспасөз қызметі осы деректі растап отыр.
"Осы дерекке қатысты Қаратау аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Күдікті анықталды, сараптама жүргізіліп жатыр, соның нәтижесінде процессуалдық шешім шығарылады", - деді полицейлер.
Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта кәмелетке толмаған күдікті ата-анасының қарамағында екенін айтты.
"Ол полицияға жеткізілді, онымен қылмыстық істің қажетті тергеу шаралары жүргізілді", - деді ІІД өкілдері.