Оңтүстік Қазақстан облысында екі баланы ұрлап әкеткен әйелді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Балжан Орақбаева қамауда 2016 жылдың 23 маусымына дейін отырады.
Оңтүстік Қазақстан облысында екі баланы ұрлап әкеткен әйелді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Балжан Орақбаева қамауда 2016 жылдың 23 маусымына дейін отырады.
Мұндай шешімді ОҚО Ордабасы аудандық соты қабылдады. Іс материалдарына сүйенсек, Орақбаева биыл ақпан айында екі айға қамауға алынған. Кейін оны қамауда ұстау мерзімі 2016 жылдың 23 мамырына дейін ұзартылды. Тергеуші сот-психиатриялық және сот-психологиялық сараптамаларының дайын болмауына байланысты мерзімді тағы бір айға созуды сұрады. Прокурор бұл өтінішті қолдады.
Еске салайық, Мұхаммед Қамшыбек 20 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен еді. Баланы Амангелді ауылындағы мектептен үйіне қарай кетіп бара жатқан жерінен алып кеткен. Осыдан кейін оны ешкім де көрмеген. Куәгерлер оны 50-55 жас шамасындағы әйелдің алып кеткенін айтып берген еді. Полицейлер оның фотороботын жасады. Кейін ол бірнеше күт өткеннен кейін Арыс қаласынан табылды. Осыдан кейін бала ұрлаған әйел осыған дейін де бала ұрлаумен айналысқанын мойындады. Сонымен қатар, оның 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы да мүмкін екендігі хабарланды.