23 ақпан 2016 | 16:10

ОҚО-да баланы ұрлады делінген күдікті өзін теледидардан көріп, полицияға келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж. © Tengrinews.kz Коллаж. © Tengrinews.kz

ОҚО-да алты жасар баланы ұрлап кетті деген күдікке ілінген әйел полицияға өзі келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпараттандыру басқармасының міндеті атқарушы Сыпабев Жарқынбековке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ОҚО-да алты жасар баланы ұрлап кетті деген күдікке ілінген әйел полицияға өзі келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпараттандыру басқармасының міндеті атқарушы Сыпабев Жарқынбековке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, әйел бұл қылмысқа ешқандай да қатысының жоқтығын айтқан. Айтуынша, осы уақыт бойы ол Алматыда болған, өзін теледидардан жаңалықтардан көріп, полицияға барған.

Осыған дейін 50 жастағы Сәндігүл Сүйіндіктің бала ұрлау ісі бойынша күдікті болғаны хабарланған еді.

Еске сала кетейік, бала 20 ақпан күні күндіз жоғалып кетті. Баланың туыстарының айтуынша, Мұхаммед сағат 12.30 шамасында сабақтан шыққан, бірақ үйіне келмеген. Мұхаммедтің белгілері мен киімі: жасы шамамен 6-7-де, ашық реңді, арық, ашық қоңыр күрте киген, қара шалбар және қара етік. Баланың көк түсті сөмкесі болған, сөмкеде "өрмекші адамның" суреті бар. Баланы азиялық түр кескіндегі әйел адамның алып кеткені анықталды. "Оның жасы шамамен 50-55-те, бойы 160 сантиметр, ақшыл шашты, толықтау, қара қайыс күрте киген, тоқылған қоңыр бас киімі бар", - деп сипаттады басқармадағылар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети