02 наурыз 2017 17:56

ОҚО-да биыл 64 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ОҚО әкімінің баспасөз қызметі © ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 64 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 64 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды Елбасы Жолдауында айтылған  халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының іске асыру жоспары туралы баспасөз мәслихатын өткізді.

Дархан Амангелдіұлының айтуынша, бағдарламаны насихаттау мақсатында екі ақпараттық топ құрылып, аудан, қалаларда 700-ге жуық азаматтың қатысуымен 15 семинар өткізілген. Түсіндіру жұмыстарына ауыл әкімдері, жұмыспен қамту саласы мамандары және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысқан.

Аталған бағдарламаның іске асыру мерзімі 2017-2021 жылдары, негізгі мақсаты - халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту. Бағдарлама үш бағыттан тұрады және олардың әкімшілері белгіленген.

Бірінші бағыт - Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.

"Бұл бағдарламаны облыстық білім мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар   басқармасы үйлестіруі тиіс. 2017 жылы 11437 адамды оқытуға 2894,1 миллион теңге бөлу қарастырылған", - деді Дархан Амангелдіұлы.

Айта кетейік,  бағдарлама аясында 2,5 жыл ішінде техникалық және кәсіптік біліммен 4584 адам қамтылатын болады. Сондай-ақ, 6853 адам мерзімді кәсіптік оқытуға тартылады.

Екінші бағыт - Жаппай  кәсіпкерлікті дамыту.

Бұл бағытта 1440 адамды  кәсіпкерлік негіздерге оқыту көзделіп отыр. Бұдан бөлек, 2075 адам шағын несиеге қол жеткізбек. Жалпы, осы бағытпен 3515 адамды жұмыспен қамту көзделіп, 8065 миллион теңге қарастырылып отыр.

Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

Осы бағытпен 49 362 адамды еңбекпен қамтылмақ. Бұл мақсатқа  2162,3 миллион теңге қаралған. Жоспар бойынша тұрақты және уақытша жұмыспен 35198 адам қамтылатын болады. 2017 жылға облыстық жұмыспен қамтудың кешенді жоспары бекітіліп, барлығы 64 314 адам жұмысқа орналаспақ. Оған республикалық бюджеттен 13121,4 миллион теңге бөлінген.

Нәтижесінде 2017 жылы облысымыздағы жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайыздан аспайды. Негізгі, орта, жалпы және бастуыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 27 пайызды құраса, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың үлесін 5,6 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети