Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер енгізу туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер енгізу туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында мынадай:
1) Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Жетісай қаласында болатын Жетісай ауданы, әкімшілік орталығы Мырзакент кентінде болатын Мақтаарал ауданы;
2) Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Сарыағаш қаласында болатын Сарыағаш ауданы, әкімшілік орталығы Абай ауылында болатын Келес ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктері құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.