20 наурыз 2018 | 17:06

ОҚО-да Түлкібас ауданының атауы өзгеруі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ontustik.gov.kz © ontustik.gov.kz

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданының атауын "Түркібасы" деп өзгеруі мүмкін, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданының атауын "Түркібасы" деп өзгеруі мүмкін, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өңіріміздегі жер, су аттары тарихи атауларына қайта қол жеткізіп келеді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.  Бүгін бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті ХІ сессиясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Сессияның жұмысын облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Дулат Әбіш жүргізді. Сессия жұмысына облыс әкімі, қала және аудан әкімдері, аудандық, облыстық аумақтық департаменттер мен басқармалардың, ұйымдардың басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібінде негізгі 21 мәселе қаралды.

"Атап айтқанда облыстық жер инспекциясы басқармасы басшысының жердің пайдаланылуы  мен қорғалуын бақылау  жөніндегі  есебі, облыстық  мәслихат  қызметін ұйымдастыру,  депутаттардың  сауалдары мен сайлаушылардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстар және облыстық мәслихат аппаратының қызметі жөніндегі есебі талқыға түсті. Сондай-ақ, облыс әкімдігінің жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сабитов баяндама жасады. Басқарма басшысы депутаттардан 21 жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекітуді сұрады. Оның ішінде 3 құрылыс, 2 автомобиль жолдары, 1 электрмен қамтамасыз ету нысандары бар. Бүгінде аталған жобалардың құжаттамалары толық әзірленіп, тиісті сараптамадан өткен", - делінген хабарламада.          

Сессия барысында азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру, республикалық ономастика комиссиясының қарауына Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданының атауын қайта атау жөніндегі ұсынысы енгізілді.

"Соңғы жылдары бұл мәселе бірнеше рет көтерілді. Кеңес заманында ауданның тарихи аты бұрмаланғаны тарихшы ғалымдарға да белгілі. Сондықтан Түлкібасы атауын Түркібасы деп өзгерту туралы ұсынысты бірауыздан қолдаймын. Аталған мәселе облыстық әкімдік пен облыстық мәслихат тиісті шешім шығарып, облыстық ономастикалық комиссияда қаралды. Соңғы шешімді республикалық ономастикалық комиссия қабылдайтын болады", - деді Жансейіт Түймебаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети