17 сәуір 2017 16:04

ОҚО-да үш ай ішінде мыңға жуық адам тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да үш ай ішінде мыңға жуық адам тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ОҚО-да үш ай ішінде мыңға жуық адам тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2017 жылдың 3 ай мерзімінде облыс көлемінде әйелдерге қатысты 10-нан аса қылмыс және мыңнан аса өтініш-шағымдар тіркелген. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған мыңға жуық тұлға ішкі істер органдарына жеткізілген. Жергілікті полиция қызметі "Зорлық-зомбылықсыз отбасы" акциясында түсіндіру жұмыстарын, сонымен бірге іс-шараны өткізу шеңберінде кездесулер өткізіп, буклеттер, жаднамалар мен плакаттарды және т.б. үлестірудегі жұмыстар саябақтар, алаңдар, базарларда жүргізілді. "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы" Заңның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселелерді қараумен қоғамдық іс-шаралар (кездесулер, лекциялар, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер және т.б.) ұйымдастырылды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Айта кетейік, ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 12-14 сәуір аралығында "Зорлық-зомбылықсыз отбасы" акциясын өткізген. 

Полицейлердің мәліметі бойынша, акцияның басты мақсаты - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, оны жою, әйелдерге қатысты зорлық - зомбылыққа бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыс атқаруға бағытталған жүйені қалыптастыру. Сонымен қатар, қорғау ұйғарымдары шығарылған немесе мінез-құлқына ерекше талап қойылған адамдарға қатысты шектеулердің сақтаулуына ерекше назар аударылады.

Өңір полицейлері аталған іс-шара отбасына қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мен болдырмауға өз үлесін қосады деген ойда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети