ОҚО полицейлері жолды бөгеп тастаған түлектер түсірілген видеоны зерттеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ОҚО полицейлері жолды бөгеп тастаған түлектер түсірілген видеоны зерттеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мұның біздің өңірде болғаны расталса, сәйкес шаралар қабылданады. Қазіргі уақытта Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері видеоны зерттеп жатыр. Видеороликтің кейіпкерлерін анықтасақ, бұл туралы міндетті түрде хабарын береміз", - деп хабарлады ОҚО ІІД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.
Motor.kz сайтының мәліметінше, 25 мамырда ОҚО-дағы облыстық маңызы бар жолдардың бірінде кетіп бара жатқан жүк көлігінің жүргізушісі түлектерді көрген. Жастар көліктерін жол бойында қалдырып, қалған көліктердің қозғалысына кедергі болған.
Ескерту! Ненорматив лексика бар.