07 қыркүйек 2015 | 15:45

ОҚО прокуратурасы Шымкент әкімінің сынына пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Хабар" телеарнасы © "Хабар" телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы Шымкенттің жаңа әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың сынына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы Шымкенттің жаңа әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың сынына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, қала басшысы мектептердегі прокуратура тарапынан жиі болатын тексерістер мәселесін шешіп беруге уәде еткен болатын. "Шынымен де тексеріс тым көп. Оларды доғару керек. Прокурормен сөйлесемін. Мектептерде прокурор айналысатын іс жоқ, олар қылмыскерлермен айналыссын. Сондықтан да бұл мәселені шешу керек, мұнымен өзім айналысамын", - деді әкім жиналыс барысында.

"Кәмелетке толмағандар туралы заңнамаларды прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі. Жыл сайын прокуратура органдары тексерудің нәтижесінде 200 мыңнан астам баланың құқықтарын қорғайды. Бүгінгі таңда республика мектептерінде 2,5 миллионнан астам бала білім алып жатқанын ескеріп, олардың құқықтарының қорғалуы мәселесіне прокурорлар тарапынан барынша көңіл бөлінеді. Бұл ретте прокурорлардың мектептер қызметіндегі тексерістері азаматтардың қандай да бір бұзушылықтардың болғандығы туралы арыздары мен өзге де хабарламалары негізінде оларға қалалық және аудандық білім бөлімдері тарапынан шара қабылданбай жатқандықтан жүргізіледі", - деп хабарлады ОҚО прокуратурасы.

2014 жылы және ағымдағы жылдың 7 айында облыстық прокуратура органдарына уәкілетті орган және білім беру мекемелері қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты 283 арыздар келіп түссе, олардың 210-ы мектеп қызметтеріне қатысты екені хабарланды. "Мектептерде және өзге де білім беру мекемелерде тексерулер жүргізудің қажеттілігі білім беру ұйымдарының әкімшілігі, сондай-ақ қалалық және аудандық білім бөлімдерінің тарапынан кәмелетке толмағандардың білім алу құқықтарын толығымен қамтамасыз етпеу, сабақтан жалтарған жасөспірімдерге шаралар қолданбау, балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа тосқауыл қоймау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алудың тиісті деңгейде болмауынан туындайды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, ведомство прокурорлық тексерумен Шымкент қаласындағы орта мектептің  тоғызыншы сынып оқушысының сабақ уақытында екі травматикалық қаруды алып жүру дерегі анықталғанын хабарлады. Шымкент қаласындағы мектептердің бірінде прокурорлық тексеріс кезінде математика пәні мұғалімінің алтыншы сынып оқушысының тапсырманы дұрыс шешпегені үшін оған қол көтеру дерегі анықтаған. "Осының негізінде мектептердегі прокурорлық тексерістердің негізделгенін, олардың білім беру саласындағы заңдылықтың жай-күйін ескере отырып жүргізілетінін және ең алдымен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталғанын хабарлаймыз", - деп жазылған ведомствоның ресми сайтындағы хабарламада.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети