18 қазан 2023 | 17:31

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқулығына қатысты сынға жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Freepik Freepik

Екінші сыныпқа арналған "Литературное чтение" оқулығындағы "біртүрлі" мәтін ата-аналардың наразылығын тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Екінші сыныпқа арналған "Литературное чтение" оқулығындағы "біртүрлі" мәтін ата-аналардың наразылығын тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде екінші сынып оқулығындағы мәтіннің суреті тарап кетті. "Біртүрлі мәтінге" қазақстандықтар наразы болды.

Қысқа әңгімеде әкесі ұрысқан баланың оқиғасы баяндалған.

"Я уснул на полу возле кровати. Проснулся от того, что меня кто-то раздевал. Я сделал вид, что сплю. Сестра целовала меня и говорила ласковые слова. Я обнял сестру, слезы катились с моих глаз. Я прижался к сестре, рыдал, всхлипывал то ли от радости, то ли от горя. Я и сам не мог понять. Моя сестра плакала со мной. Я был счастлив", - деп жазылған желі қолданушыларын ашуландырған қысқа мәтінде.

Мәтінге қатысты қазақстандықтардың пікірі екіге бөлінген, кейбіреулер мәтін қазақ тілінен орыс тіліне сапасыз аударылған деп шешсе, басқалары оған мүлде наразы болған.

"Мұндай әңгімелер балаларға мүлдем жарамайды". "Балалардың барлық оқулығын мұқият оқып шықсаңыз, шашыңыз тік тұрады", - деп жазды қолданушылар.

Оқу-ағарту министрлігі бұл әңгіме "Моя семья и друзья" бөлімінде оқытылатынын, "Семейные традиции" тақырыбы мектеп жасындағы балаларға арналғанын түсіндірді.

"Әңгімеде бас кейіпкер бала - Еркенің іс-әрекеті мен ой-өрісі суреттеледі. Автор кейіпкерді түрлі өмірлік жағдаяттарға салып, сыртынан бақылайды. Джумагельдинова Дария Тукеновна - балаларға арналған өлеңдер, ертегілер, пьесалар және балаларға арналған прозаларды жазатын белгілі қазақстандық автор. "Ссора с отцом" үзіндісі 2017 жылы типтік оқу бағдарламасы бойынша оқулық мазмұнына енгізілген", - деп хабарлады ведомство.

Бұл ретте оқулық, басқа баспалардың баламалы оқулықтары сияқты, ғылыми-педагогикалық сараптаманың екі кезеңінен, 30 пилоттық мектепте апробациядан, сараптама орталығының сайтында және еліміздің барлық облыстарындағы педагогтар арасында қоғамдық талқылаудан өткені нақтыланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети