19 қыркүйек 2017 | 17:51

Оқушы қыздарын трамвай басып кеткен отбасыға Екібастұздан 3 бөлмелі пәтер берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Оқушы қыздарын трамвай басып кеткен отбасыға Екібастұздан 3 бөлмелі пәтер берілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Павлодар қалалық Білім басқармасы бөлімінің меңгерушісі Гүлбарам Белялева айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Оқушы қыздарын трамвай басып кеткен отбасыға Екібастұздан 3 бөлмелі пәтер берілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Павлодар қалалық Білім басқармасы бөлімінің меңгерушісі Гүлбарам Белялева айтты.

"Екібастұздағы тұрғын үйден 8,5 миллион теңгеге пәтер алып бердік. Үш бөлмелі пәтер, анасының өзі Екібастұзға көшкісі келген еді. Содан біз, білім бөліміндегілер, еріктілермен біріге отырып, ақша жинап, пәтер алып бердік. Заңды келісімдер толықтай аяқталды. Осы айдың соңына дейін отбасы жаңа пәтерге көшеді деп ойлаймыз", - деді Гүлбарам Белялева.

Білім бөлімінің мәліметінше, пәтер балаларға жолдан өтпейтіндей пәтер таңдалған. "Пәтер маңында мектеп, балабақша, емхана орналасқан үйде орналасқан. Пәтерге әсемдеу жөндеу жұмыстары қажет, оны да жасаймыз. Сондай-ақ, пәтерді толықтай жиһазбен толтыру, тұрмыстық техника қою ұйғарылды. Қазіргі уақытта қызды үйінде оқытып жатырмыз, себебі бір ай бойында ол реабилитациядан өтеі. Сонымен қатар, облыстық білім басқармасы басшысынан балалардың анасын жұмыспен қамту, сондай-ақ кенже ұлын балабақшаға орналастыру тапсырмасы түсті. Барынша көмек көрсетіп жатырмыз. Әрмен қарай бұл отбасыға көмектесеміз", - деді Белялева.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 7 қыркүйекте Ломов пен Қатаев көшелерінің қиылысында сағат 7:43-те болған. 2007 және 2009 жылғы қыздарды трамвай басып кеткен. Амал не, бірі қаза тапты, екіншісі жансақтау бөліміне түскен.

Павлодарлық трамвай басқармасының баспасөз қызметіндегілер көліктің оқиға кезінде бірінші маршрут бойынша алюминий зауытына бара жатқанын айтты. Тізгінде бес жылдық тәжірибесі бар 1987 жылғы қыз болған.

Балалар Павлодардағы №4 орта мектепте оқыған. Оқу мекемесіндегілер қыздардың апалы-сіңлілі екенін айтады. "Бұл оқиға енді ғана болды. Апалы-сіңлілер, екінші және төртінші сыныпта оқиды", - деп хабарлады мектептегілер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети