Оқушылар 15 қыркүйектен бастап қашықтан оқитыны рас па? ДСМ түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқушылар 15 қыркүйектен бастап қашықтан оқитыны рас па? ДСМ түсіндірді Фото: depositphotos.com

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде оқушылар "вирусқа байланысты" қашықтан оқуға көшу туралы ақпаратты белсенді талқылап жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қауесетке түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде оқушылар "вирусқа байланысты" қашықтан оқуға көшу туралы ақпаратты белсенді талқылап жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қауесетке түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

WhatsApp чаттарында тараған хабарламаға сәйкес, қашықтан оқу 15 қыркүйектен басталады. "15 қыркүйектен бастап балалар қашықтан оқуға жіберіледі деп жатыр. Тағы да маска режимі. Қандай да бір вирус тарап жатыр екен", - делінген хабарламада, оның авторы белгісіз.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ақпаратты жоққа шығарды. Ал 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация басталады.

"15 қыркүйектен бастап балалар қашықтан оқуға жіберіледі және мекемелерде маска режимі енгізіледі" деген мессенджерлерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Жыл сайын эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтін бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысы бекітіледі. Қаулыға сәйкес, биыл 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі. Барлық азаматты ресми ақпарат көздерінен сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз", - деп хабарлады комитет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 508.3  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети