28 ақпан 2017 11:36

Оқушылар жайлы мәліметтер БҒМ мен әкімдіктегілерге қолжетімді болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sd-company.su © sd-company.su

Енді ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мен әкімдіктер оқушыларға қатысты мәліметтерді көріп отырады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев үкімет отырысы барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Енді ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мен әкімдіктер оқушыларға қатысты мәліметтерді көріп отырады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев үкімет отырысы барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз ақпараттық жүйелерімізді біріктіреміз. Жүйенің барлығы жұмыс істейді, барлық 73 жүйе 4 платформада жұмыс істейді. Яғни, ол платформалар бір-бірімен, сондай-ақ, басқа да мемлекеттік органдармен ақпарат алмасады. Бұл бізге не береді? Бұл жүйе толық автоматтандыруды береді, сол арқылы әр баланың бағаларын, үй жұмысын, мұғалімнің әр сабақтық жоспарын көруге болады. Келешекте балалар контингентін, оқушы орындарының тапшылығын, мектептер құрылысының картасын жоспарлау жеңіл болмақ. Бәрі бірыңғай ақпараттық жүйеден шығады", - деді Сағадиев бұл ұсынысты Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау және әділет министрлігіндегілермен талқылағанын айта отырып. 

"Біз қарсы емеспіз, тек оқушының жеке мәліметтері қолжетімді болуы үшін қажетті заң нормаларын қарастыру керек", - деді Әділет министрі  Марат Бекетаев.

"Біз осы ұсынысты қарастырып жатырмыз, қарсы емеспіз", - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. Сондай-ақ, Ерлан Сағадиев мұндай бақылаудың мектептердегі бухгалтерияда да жүргізілетінін айтып өтті.

"Осы платформаларды енгізу үшін мектептердегі интернет жылдамдығын арттыру және олар үшін байланыс төлемін бірыңғай органда орталықтандыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапкершілікті жүктеу қажет", - деп атап өтті Ерлан Сағадиев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети