Оқушылар мектепке қашан барады? БҒМ жауап берді

Дәурен Ерболат
Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқушылар мектепке қашан барады? БҒМ жауап берді

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова оқушылар мектепке қашан бара алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова оқушылар мектепке қашан бара алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мектеп жұмысын жандандыру мәселесіне тоқталайын. Бұл бізді, педагогтерімізді, балаларымызды және ата-аналарымызды қатты алаңдатып отыр. Біз де мектептердің қайта ашылғанын қалаймыз. Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныстарымызды бердік. Мектептердің жұмысын жандандырудың бірнеше нұсқасы бар", - деді ол орталық коммуникациядар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, еліміздің бас санитар дәрігерінің шешімі қабылданғаннан кейін ғана мектептерді ашу мәселесі қарастырылады.

"Біз де барлығы сияқты осы бұйрықты негізге аламыз. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен бірлесіп, күн сайын барлық мәселені пысықтап жатырмыз. Біз амалсыздан қашықтан білім беріп жатырмыз. Барлық білім беру ұйымы штаттық режимде жұмысын қайта жандандыру үшін тиіс жұмыстар жүргіземіз", - дейді Шолпан Каринова.

Вице-министр Қазақстанның бас санитар дәрігерінің рұқсатымен ғана оқушылар мектепке бара алатынын айтты.

"Біз де ата-аналар сияқты мектептердің штаттық режимде жұмыс істегенін қалаймыз. Бұл мәселенің бірнеше нұсқасы бар. Әр өңірдегі жағдай әр түрлі. Бізге әкімдіктердің, өңірдегі санитар дәрігерлердің шешімі бойынша мектептерді ашу ұсынылды. Бұл - ең тиімді әдіс. Қазіргі таңда біз оқушылардың денсаулығын ойлауымыз керек. Мәселеге қатысты қосымша ақпаратты хабарлаймыз", - деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети