Оқушылар мектепке шағымданды: Алматы облысында тексеріс жүргізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқушылар мектепке шағымданды: Алматы облысында тексеріс жүргізіледі Фото:depositphotos.com

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев желіде бұған дейін жарияланған, Алматы облысында оқушылардың құқығы мен мектеп асханасында санитариялық норма бұзылғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев желіде бұған дейін жарияланған, Алматы облысында оқушылардың құқығы мен мектеп асханасында санитариялық норма бұзылғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шенеуніктің сөзінше, Алматы облысы оқушыларының шағымы бей-жай қалдырмаған.

"Мәселе білім алушылардың құқығы бұзылуы, мектептегі тамақтану жағдайының санитариялық талаптарға сай ұйымдастырылмауы сияқты деректер тіркелуіне байланысты. Бұл жергілікті атқарушы органдардың өз міндеттерін толықтай орындай алмай отырғанын көрсетеді", - деді ол.

Министр бала құқығын қорғау шараларын заңнамалық тұрғыда күшейту мақсатында министрлік тарапынан үш негізгі заңнамаға 94 түзету енгізіліп, 2024 жылы 342 білім беру ұйымының 24-інде басшылар әкімшілік, 78-інде тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын, десе де мұндай жағдайлар әлі де кездесіп отырғанын мәлімдеді.

"Бұл жағдай жеке бақылауымда. Балалардың құқығын қорғау комитеті мен аумақтық білім сапасын қамтамасыз ету департаментіне арнайы жұмыс комиссиясын құруды тапсырдым. Комиссия қолданыстағы заңнама аясында қажет шараларды қабылдайды. Алматы облысының басшылығы бұл мәселені шұғыл түрде қолға алып, алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктерге жол бермеу үшін нақты әрі жүйелі іс-шаралар қабылдайды деп сенемін", - деді шенеунік.

Айта кетейік, жуырда әлеуметтік желілерде министрден Алматы облысындағы мектептердің біріне қатысты шағымдарға назар аударуды сұраған үндеу пайда болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети