"Оқушылардың аты-жөні сандармен белгіленген". Желіде жаңа фейк тарады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Оқушылардың аты-жөні сандармен белгіленген". Желіде жаңа фейк тарады Фото: elements.envato.com

Желіде Алматы мектептерінің бірінде мұғалімдер енді оқушыларды аты-жөнімен шақырмайды деген хабар тарап жатыр. Оның орнына балалар сандармен белгіленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Алматы мектептерінің бірінде мұғалімдер енді оқушыларды аты-жөнімен шақырмайды деген хабар тарап жатыр. Оның орнына балалар сандармен белгіленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар Алматы қаласындағы №87 мектепте педагогтер оқушылардың аты-жөнін атауды қойғаны туралы жазып жатыр. Оның орнына әр бала әріп пен сан арқылы белгіленген.

"Біздің Алматыдағы №87 мектепте екі аптадан бері түсініксіз жайт болып жатыр, енді балаларды аты-жөнімен емес, тек әріппен және санмен атайды. Бүгін ғана білдім, менің қызымның аты қазір Б5.

Сыныптағы барлық оқушы өзінің нөмірін біледі. Қызым өз нөмірін білмеген. Балалар оның жауап беретін кезегі екенін айтыпты. Енді есімдер аталмайды. Бұл қорқынышты", - делінген хабарламада.

Алматы қаласының Білім басқармасы осы жағдайға байланысты тексеру жүргізген.

"Деректі тексеру барысында №87 ЖББМ КММ оқушыларын әріп және нөмір бойынша атау туралы ақпарат расталған жоқ", - деді Алматы Білім басқармасының бас маманы Қуандық Ешімет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети