Оқушылардың үй төбесіндегі қауіпті ойыны: педагогтар қазақстандықтарды сақтануға шақырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: instagram.com/kokshevideogram Сурет: instagram.com/kokshevideogram

Көкшетау қаласының мектеп басшылары оқушылардың ата-аналарын балаларды әлеуметтік желі арқылы өзіне тартатын қауіпті ойындарға назар салуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Көкшетау қаласының мектеп басшылары оқушылардың ата-аналарын балаларды әлеуметтік желі арқылы өзіне тартатын қауіпті ойындарға назар салуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мұндай ойындарды ұйымдастырушылар балаларды жабық топтарға алдап қосып, ол жерде түрлі сылтаумен өлімге соқтыратын флешмобқа қатысуға шақырады", - деп жазыпты жолдау авторлары. 

Олар баланың осындай ойынның шырмауына ілінгенін білдіретін белгілерді анықтаған:

- Қара түсті киім таңдау, өліммен астасатын символдары бар болуы мүмкін;

- Сырт келбетінің күрт өзгеруі: самайын қырып тастау, шашын табиғи емес түске бояу;

- Ұйқының бұзылуы: маужырап жүру немесе ұйқының жоғалуы;

- Денесінде тілінген іздердің, күйуі немесе денеге жарақат салудың өзге белгілерінің (тыртық, ойық, тілу, тесу) болуы;

- Үнемі виртуалды өмірде жүруі, желі арқылы хат алмасуға қатты көңіл бөлу (көбіне бейтаныс адамдармен);

- Девайстарына қолжетімділіктің болмауы, компьютерге қосымша құпия сөз орнату, парақшаны аноним қарауға мүмкіндік беретін браузерлерді қолдану;

- Мистикалық фильмдерге және қатыгездік көрсетілген тұстарына қызығу;

- Өзгеше символы бар тату салдыруға деген аяқасты құлшыныс;

- Ата-анасымен қарым-қатынастан қашу және көңіл-күйін жасыру;

- Желілерден қауіпті белгілердің пайда болуы: Әлеуметтік желідегі күйзелісті білдіретін жазбалардың пайда болуы, өз парақшасында өлімге байланысты түнерген бейнелер мен дәйексөздердің пайда болуы. 

"Суреттерде бетін қолмен немесе киіммен қалқалау, осындай суреттерде сұқ саусағын көрсету, бұл өзіне қол салуды меңзейтін фотосуреттер. Медуза, мысық, көбелек, единорог, биіктен, төбеден түсірілген суреттер және жоғары жүзіп бара жатқан киттердің бейнесі қауіпті есептеледі. Әлеуметтік желідегі парақшасында түнерген музыканы сақтау, суицидке бейімділікті анық білдіреді. Егер балаңыздан жоғарыда көрсетілген белгіліердің біреуін болса да байқап, оның өлім тобына мүше болғанынан сезіктеніп жүрсеңіз, оған дауыс көтеріп, дереу доғаруды талап етпеңіз. Кез келген кикілжің ойына алғанын жүзеге асыруға итермелеуі мүмкін. Бастысы бірден мектеп психологына хабарласыңыз", - деп өтініпті мектеп басшылары ата-аналардан. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro