"Ол да адам". Түркиялық "Робот" Сауль Альвареспен жекпе-жек жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ол да адам". Түркиялық "Робот" Сауль Альвареспен жекпе-жек жайлы Сурет: Allboxing

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (35-1-2, 36 КО) қарсылас ретінде бекіткен "Робот мырза" лақап атты түркиялық Авни Йылдырым (21-2, 12 КО) осы мүмкіндігін барынша пайдалануға тырысатынын айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (35-1-2, 36 КО) қарсылас ретінде бекіткен "Робот мырза" лақап атты түркиялық Авни Йылдырым (21-2, 12 КО) осы мүмкіндігін барынша пайдалануға тырысатынын айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Мен боксшымын, ал боксшылар үздіктермен ғана жұдырықтасқысы келеді. WBC мен промоутеріме осы мүмкіндік үшін алғыс білдіремін. Ұятқа қалдырмаспын. Өйткені мен ептімін. "Канелоны" спаррингтер бойынша да білемін. 

Сауль өте мықты боксшы екенін бүкіл әлем біледі. Әлемдегі үздіктердің бірі. Алайда оның қасиеттерін тізіп бергелі отырған жоқпын. Сайып келгенде ол да мен сияқты адам. Қазір айта алатыным - барынша дайындалып, жақсы бір айқас көрсетемін. Не боларын көреміз", - деп береді боксшының сөзін vRINGe.com. 

Айта кетейік, WBC басқару кеңесінің дауыс беру қорытындысының нәтижесі 36-1 болып, WBC (Franchise) чемпионы Сауль Альварес пен WBC титулына міндетті үміткер Йылдырым арасындағы жекпе-жекке тапсырыс берілгені хабарланған болатын.

Алайда DAZN бұл жекпе-жекке шектеу қойып, мексикалықтың бірден қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасуын қалайтынын мәлімдеген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети