08 қараша 2016 20:05

Ол жерде әйелдер баланы дүниеге әкелуден қорқады - Назарбаев Семей полигонының зардабы жайында

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бұрынғы Семей ядролық сынау полигоны ауданындағы әйелдер радиация қаупінен дүниеге бала әкелуден қорқады. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұрынғы Семей ядролық сынау полигоны ауданындағы әйелдер радиация қаупінен дүниеге бала әкелуден қорқады. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде үшінші буындағы ұрпақ та біздің халыққа істелгеннің зардабын көріп отыр. Ашық айта аламын, ол жерде әйелдер дүниеге бала әкелуден қорқады, өйткені жетілмей қалған бала болады ма деп қорқады. Радиация зардабы деген осы. Сол бір зауалды тәжірибелердің салдарынан қазақстандықтардың тағы бірнеше буыны зардап көреді", - деді ҚР Президенті, Жапония парламентіндегі сөзінде. 

Ол Қазақстан және Жапония жаппай жою қаруының залалды күшін өз басынан өткергендерін және Семей ядролық полигонынынң жабылуы Қазақстан тәуелсіздігінің тарихи актісі болғанын атап өтті.

Елбасы қырық жыл бойына Қазақстандағы ядролық қарудың сыналуы жер мен адам денсаулығына орасан зор зиян келтіргенін айта кетті.

"Біздің жерімізде 466 ядролық заряд, соның ішінде 116 заряд атмосферада жарылған. Бұл Хиросимо мен Нагасакиге тасталғаннан 2500 есе көп. Радиация 300 мың шаршы киллометрді зақымдады, ал онда 1ғ5 миллиондай адам тұратын", - рдеді Назарбаев.

Мұның алдында Елбасы кеңестік әскери жетекшілігінің Қазақстан аумағында полигон орналастыру бойынша құжаттық негіздемелерінде бұл жерлердің бос екендігі туралы қорлаушылық сөздері болғанын айтқан болатын. Полигон ғана емес, оған жақын аумақ та радиоактивтілік ластануға ұшырады. Мамандардың есебі бойынша, радиоактивті сәулелендіруге ұшырағандардың саны 500 мың адамға дейін жетеді.


Белгілі қазақстандық антиядролық белсенді, "Атом" жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Құйықовтың картинасы.

"Ол кезде біздің жерде Батыс елдері "Ібліс" деп атап кеткен СС-18 континентаралық баллистикалық зымырандардың 104 данасы орналасқан болатын. Оларға 1 400 ядролық оқтұмсық орналастырылды. Біздің аэродромдарда 370 қанатты ядролық ракеталары бар 40 бомбалаушы ұшақтар болды. Бұл қарудың әлеуеті Франция, Ұлыбритания мен Қытайды қоса алғандағы ядролық күшінен асып түсетін", - дейді Президент КСРО ыдырағаннан кейінгі қалуы мүмкін "мұра" туралы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети