Астана қаласының әкімдігі Антикоррупциялық қызметтің әкімнің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның үстінен түскен арыз бойынша тергеудің басталғанына байланысты пікір білдіруден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дегенмен, елордалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әсет Исекешовтің бірінші орынбасары Сергей Хорошун жұмыс орнында, кестеге сәйкес, оның кездесулері бар.
"Ол қазір жұмыс орнында, жұмыс істеп жатыр. Кесте бойынша, сағат үштен бастап, азаматтарды қабылдай бастайды. Барлығы тұрақты режим бойынша жұмыс істейді. Қалған сұрақтарыңызды құқық қорғау органдарының агенттіктеріне қойсаңыздар болады", - деді Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.
12 шілдеде брифинг барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде алдын ала тергеу басталғаны хабарланды. Ол Астана қаласының бірінші әкімінің орынбасары Сергей Хорошунның атына түскен өтініштен кейін басталған.