26 мамыр 2020 | 12:46

"Ол полицияда жұмыс істейді" - қаза тапқан полицейдің әйелі BMW жүргізушісі туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Блокбекетте қаза тапқан полицей Дастан Әбдіқановтың әйелі Динара Әбдіқанова жол апатына кінәлі жүргізушінің құқық қорғау органдарында жұмыс істейтінін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Блокбекетте қаза тапқан полицей Дастан Әбдіқановтың әйелі Динара Әбдіқанова жол апатына кінәлі жүргізушінің құқық қорғау органдарында жұмыс істейтінін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, жерлеу рәсімі бүгін Алматыда өтіп жатыр.

Әбдіқанованың айтуынша, жол апатына кінәлі BMW жүргізушісі әлі күнге дейін полиция департаментінде жұмыс істеп жүр.

Алматыдағы блокбекетте болған жол апаты: видеобақылау камерасындағы суреттер жарияланды

"Бұл өтірік. Ол полицияда жұмыс істейді. Оны жұмыстан шығармаған", - деп жазған Динара Instagram желісіндегі парақшасында.

Кейінірек ол ZTB порталына берген сұхбатында жүргізушіні танитынын айтқан.

"Жүргізуші полиция жұмыс істемейді деген өтірік. Ол менің күйеуіммен бірге түнгі ауысымға шығып жүрді. Мен оларға түнге тамақ дайындап беретінмін. Күйеуімнің әріптестерін танимын. Тек шындықты айтыңыздаршы, өтінемін! Қылмыскерлерді жасырмаңыздар!", - деді Динара Әбдіқанова.

Сондай-ақ, ол марқұм күйеуінің намысына тимей, тергеу жұмыстарын әділ жүргізуді сұрады.

Еске салайық, кеше, 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке соғылған еді

Ал кейінірек кі полицейдің өліміне кінәлі BMW жүргізушісінің 6 жыл полицияда қызмет еткені анықталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети