“Олар төртеу болған“. Түркістанда 9-сынып оқушысы өлгенше соққыға жығылған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Олар төртеу болған“. Түркістанда 9-сынып оқушысы өлгенше соққыға жығылған

Түркістанда 15 жастағы оқушы өлгенше соққыға жығылған. Полиция оқиғаға қатысы бар барлық адамды ұстады және сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістанда 15 жастағы оқушы өлгенше соққыға жығылған. Полиция оқиғаға қатысы бар барлық адамды ұстады және сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Желіде Түркістанда 15 жастағы жасөспірімді зиратқа алдап шақырып, сонда аяусыз соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады. Жүрек тұсынан соққы алған оқушы сол жерде көз жұмған.

"Олар төртеу болған. Кезекпен ұрып, екі рет айналып шыққан, сонда сегіз соққы жасаған. Барлық соққы жүрек тұсына тиген. Олар тек сол жеріне, жүрегі тоқтағанша ұрған. Ол жарылып кеткен. Ұйқы безі де жаншылған, ол да жарылуға таяған. Тіл тартпай кеткен. Кейін олар бізді оның тек есінен танып қалғанына сендірмек болды. Мен жеткенде, інім қайтыс болғанына шамамен қырық минут болған", – делінген марқұмның ағасына сілтеме жасалған хабарламада.

Желіде жасөспірімді бірнеше ай бойы қорқытып, ақша талап етіп жүргені де жазылған.

Полиция пікірі

3 қарашада Түркістанда мектептердің бірінде 9 сынып оқушысы қайтыс болды. Оқушының қайтыс болу дерегі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны айтылды.

"Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы барлық қажетті іс-шара кешенін жүргізді. Алдын ала мәлімет бойынша тоғызыншы сынып оқушысы сыныптасының кеуде тұсынан ұрған. Соққы алған оқушы сол жерде қайтыс болған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні, сондай-ақ оқиға кезінде қатысқандардың барлығын ізін суытпай ұстады. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылған. Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ДП Туркестанской области (@turkistan_polisia)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети