“Оларды көрмейді“. Шекара қызметі дрондарға қатысты жағдайды түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Оларды көрмейді“. Шекара қызметі дрондарға қатысты жағдайды түсіндірді Фото: mgorod.kz

ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Қазақстанның батысында дрондардың құлауына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, жердегі шекара жасақтары жоғары биіктікте ұшатын ұшқышсыз ұшу аппараттарын көрмейді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Қазақстанның батысында дрондардың құлауына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, жердегі шекара жасақтары жоғары биіктікте ұшатын ұшқышсыз ұшу аппараттарын көрмейді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистер Алдажұмановтан дрондардың Қазақстанның әуе шекарасын қалай кесіп өткенін сұрады. Шекара қызметінің директоры шекараны жерде және әуеде қорғауды бөлек қарастыру керектігін атап өтті.

"Жерде қызмет атқаратын шекара жасақтары өте жоғары биіктікте ұшатын дрондарды көрмейтінін нақты түсінулеріңіз керек. Негізінен, олар байқамайды", - деді ол.

ҰҚК төрағасы орынбасарының айтуынша, заңға сәйкес мемлекеттік шекараны әуе кеңістігінде қорғау Қорғаныс министрлігі мен Әскери-әуе күштерінің міндетіне жатады.

"Мемлекеттік шекараны әуеде қорғау Қорғаныс министрлігінің, Әскери-әуе күштерінің міндеті. Сондықтан бұл сұрақты сол жаққа бағыттаған дұрыс болады деп ойлаймын", - деді Алдажұманов.

Ол шекарашылар дрондарды көзбен көрсе, бұл ақпарат бірден әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне берілетінін айтты.

Мән-жайы

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысындағы шекара бекеті үстінен ұшатын нысандар көрінгені туралы ақпарат тараған болатын. Қорғаныс министрлігі Қазақстанның әуе кеңістігін бұзу деректері тіркелмегенін, ал жағдай тиісті қызметтердің бақылауында екенін мәлімдеді.

Мамырда Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев бұған дейін Қазақстан аумағында табылған ұшқышсыз ұшу аппараттары кімге тиесілі екені әлі анықталмағанын хабарлады. Оның айтуынша, бұл мәселемен құрамына Қорғаныс министрлігі де кіретін ведомствоаралық топ айналысып жатыр.

Бір ай бұрын Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков Қазақстанның батысына құлаған дрондардың қайдан шыққанын анықтау үшін құзыретті органдар мен Қарулы күштер мамандары кіретін арнайы комиссия құрылғанын айтқан болатын.

Наурызда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ауылға жақын жерде дрон сынықтарына ұқсайтын заттар табылды. Полиция сол кезде нысанның елді мекендерден тыс жерден табылғанын, мамандар оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 485.44   564.44   6.84 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +17
Астана +14
Ақтау +22
Ақтөбе +17
Атырау +24
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +15
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +23
Қызылорда +19
П
Павлодар +18
Петропавл +19
С
Семей +17
Т
Талдықорған +23
Тараз +25
Түркістан +17
О
Орал +19
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +20

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер