Оларды шақырған жоқпыз - министр Қазақстандағы майнерлер туралы

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оларды шақырған жоқпыз - министр Қазақстандағы майнерлер туралы Фото:elements.envato.com

Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомство майнерлерді Қазақстанға шақырмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомство майнерлерді Қазақстанға шақырмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Түптің түбінде бәрі майнерлерді тарту әрекеті, олардың Қазақстанға келуі электр энергиясы тапшылығына әкелетінін білсе, оларды неге тарттық? Оларды неге шақырдық? Олардың келуі үшін бәрін жасадық. Ал қазір шығынға батып жатырмыз, олар да шығынға батып жатыр", - деді журналист ОКҚ брифингінде.

"Энергетика министрлігі елге ешқандай майнерлерді шақырған жоқ. Оның үстіне, бұл тапшылыққа әкелетінін білсек, шақырмас едік. Себебі негізгі міндетіміз - жүйенің үздіксіз жеткізілуін және сенімділігін қамтамасыз ету. Әрине, бұл бізге қойылатын сұрақ емес. Еркін нарық, солай келген шығар. Оларды кім шақырғанын білмеймін. Мүмкін оларды шақырудың, арнайы шақырту берудің қажеті жоқ шығар. Қалай болғанда да келді. Оларды Энергетика министрлігі ретінде шақырған жоқпыз", - деп жауап берді Ақшолақов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети