22 сәуір 2016 08:40

Олардың қатарында зорлықшылар мен кісі өлтірушілер көп - Назарбаевтың көмекшісі "таза исламның" атын жамылатындар жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Ермекбаев. © prokuror.gov.kz Нұрлан Ермекбаев. © prokuror.gov.kz

Қазақстан Президентінің көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев тілшілерді өздерін "таза исламның" ұстанушылары ретінде көретін, бірақ іс жүзінде ар-намыс нормасынан алшақ лаңкестік ұйымдарды дискредитациялаумен айналысуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президентінің көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев тілшілерді өздерін "таза исламның" ұстанушылары ретінде көретін, бірақ іс жүзінде ар-намыс нормасынан алшақ лаңкестік ұйымдарды дискредитациялаумен айналысуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін, шығармашылық интеллигенцияның, тілшілердің терроризмге қарсы діни-экстремистік топтар мен тұлғалардың дискредитациясымен айналысуында толық мүмкіншілігі қолданылмай отыр деп есептейміз. Себебі ДАИШ-қа, Талибанға және өзге ұйымдарға кіретін қарақшылар мен лаңкестердің ол жақта таза исламды ұстанатынын айтқанымен, іштерінде қарақшылар, зорлықшылар, тонаушылар мен кісі өлтірушілердің көп екені бізге белгілі", - деді Ермекбаев Астанада өтіп жатқан Еуразиялық медиафорумдағы отырыстардың бірінде.

"Олардың ішінде бір-бірін тонап кету, ұлтаралық белгісі бойынша бөлінушілік, осы негіздегі қақтығыстары көп. Жас содырлар шетелде отырған басшының қолшоқпары ғана. Сондықтан осының барлығын адамдарға көрсетсе, айтса, осы лаңкестік бандалардың ішінде не болып жатқанын жария етсе, жастарда қиял аз болар еді", - деп қорытындылады өз сөзін Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

Ол өлімші лаңкестердің маңызды мақсаттары деп қоғамдық жазалауды, билік органдары мен халықты үркітуді атады. Осылайша, өлімшілер өздерін танытқысы келеді. 

"Теледидардан теракт жасаған лаңкестің суреттерін көрсетіп, оның өмірі, бұл әрекетке неге барғаны мен қай ұйымға кіретіні жайлы айтып жатқанын көргенімізде, бұл лаңкестерге пайдалы. Меніңше, бұл кейбір жастарды осындай терактілерді жасауға итермелеуі мүмкін", - деді ҚР Президентінің көмекшісі.

Сонымен қатар, ол БАҚ-тар лаңкестердің жарылғыш затты қалай дайындағанын, құқық қорғау органдарының қалай әрекет еткенін анықтап жазып, көрсетсе, мұның терактілермен тиімді күреске және олардың алдын алуына көмектеспейтінін атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети