"Олардың өз істері бар". Ұлытау облысының әкімі туыстарына қатысты сұраққа таңғалды

Алғабек Хамитұлы
Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Олардың өз істері бар". Ұлытау облысының әкімі туыстарына қатысты сұраққа таңғалды Кадр из видео

Баспасөз мәслихаты барысында Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының туыстарына қатысты сауал қойылды. Шенеуніктің реакциясына қарағанда, бұл сұрақ оны таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баспасөз мәслихаты барысында Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының туыстарына қатысты сауал қойылды. Шенеуніктің реакциясына қарағанда, бұл сұрақ оны таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Журналист ауыл шаруашылығы малдарын өсірумен айналысатын әкімнің туыстарына Ұлытау өңірінде қанша жер және қандай негізде тиесілі екенін сұрады.

"Қандай туыстар? Мен білмеймін, қандай туыстар?", – деп таңғалды әкім.

Журналист өз сұрағын баспасөз мәслихатының модераторы арқылы жеткізгендіктен, шенеунік өзінің қарсы сұрағына жауап алған жоқ. Берік Әбдіғалиұлы жердің иесі туыстары емес екенін сендіре алмады.

"Олардың өз істері бар, менің өз істерім бар. Біз бір-біріміздің ісімізге араласпаймыз", - деді Берік Әбдіғалиұлы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети