21 қараша 2019 | 13:19

Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылған жоқ - ІІМ

Ішкі істер министрлігінің өкілдері Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің ісі тоқтатылды деген ақпаратты растамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігінің өкілдері Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің ісі тоқтатылды деген ақпаратты растамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ІІМ Олеся Кексельге қатысты істің тоқтатылғаны жайлы ақпаратты растамайды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр. Оған қатысты іс тоқтатылған жоқ", - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер Тергеу департаментіне сілтеме жасай отырып.

Реклама
Реклама

Ал бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаров керісінше Олеся Кексельдің ісі тоқтатылғанын айтқан болатын. "Осыдан екі ай бұрын Кексельдің үстінен шағым түскенін білемін. Сенбі күні қылмыс құрамы болмағандықтан, Кексельге істің тоқтатылғаны жайлы хабарланды. Мұны Кексельдің өзі айтты. Тергеушінің өзі де хабарласып, қылмыс құрамы болмағандықтан, істің тоқтатылғанын айтты", - деген еді Қожамжаров. 

Еске салайық, Олеся Кексель биыл мамырда арнайы прокурорлар қызметінің басшысы қызметінен босатылған еді. Ол бұл қызметті 2018 жылдың қаңтарынан бастап атқарған. Мұның алдында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Тергеу департаменті басшысының орынбасары болған. 

2017 жылы Олеся Кексель "Жылдың мемлекеттік қызметкері" атанды. Ол ең күрделі сыбайлас жемқорлық істерімен айналысып, II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная