Олигарх Орифджан Шадиев Алматыда сотталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: facebook.com/orifdzhan_shadiev Фото: facebook.com/orifdzhan_shadiev

Жақында Алматыда кәсіпкер Орифджан Шадиев ісі бойынша үкім шыққан. Бұл туралы журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жақында Алматыда кәсіпкер Орифджан Шадиев ісі бойынша үкім шыққан. Бұл туралы журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәсіпкер Орифджан Шадиев өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылған. Салдарынан Asia Credit Bank-ке 16 миллиард теңгедей шығын келтірілген. Кәсіпкермен қоса көмекшісі Михаил Соловьев те сотталған.

Журналист Михаил Козачков кәсіпкердің ісіне қатысты мән-жайды түсіндіріп берген. 2019 жылы кәсіпкер Asia Credit Bank-тың бұрынғы иесі Нұрбол Сұлтаннан акцияларын сатып алған. Келісімшарты қарапайым - Нұрбол Сұлтан банкті береді, Шадиев кепілді босатады және бірнеше несиелер бойынша және осы міндеттемелерді өзіне алады. Ол кезде әңгіме 16 миллиард 699 миллион теңгенің мүлігі туралы болған.

Екі тарап келіскеннен кейін банкті кепіл мүлкімен қамтамасыз еткен, яғни Алматының жоғарғы бөлігіндегі 7 жер учаскесі, оның құны қарыздардың жалпы сомасын жауып тастады. Алайда, содан кейін Орифжан Кабулович кепілдерді ауыстыруға шешім қабылдады. Өтімді активтердің орнына банк тау алыбында 100 гектардан артық бір учаскеге құжаттар қабылдады (Алматыдағы элиталық ауданнан). Мүліктің бағалау құны 46 миллиард теңгеден асты.

Бірақ Asia Credit Bank өзіне міндеттелген нәрселерді орындай алмай, салдарынан лицензиясы алынып, ал кәсіпорынды басқаруды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тарату комиссиясы қолына алған. Комиссия қалай жұмыс істеген? Ол банктегі барлық нәрсені бағалайды, содан кейін активтерді сатуға қояды және осылайша, клиенттер мен несие берушілер алдындағы міндеттемелерді өтеуге тырысады.

Ал тексеру барысында кепілге қойылған учаскенің құны 46 миллиард болмай шыққан. Себебі ол жердің пайдалану мақсаты - шаруа қожалығы болған. Ал құжатта ол жерге жеке тұрғын үй салуға болатыны жазылған. Бұл учаскенің құнына әсер етеді.

Салдарынан Орифджан Шадиев кінәсін мойындап, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал оған көмектескен Михаил Соловьев кінәсін жартылай мойындап, 1 жылға бас бостандығынан шектелген. Олар ең аз қауіпсіздік колониясында жазасын өтейді. Сондай-ақ, сотталғандар банкке келтірілген залалды сол 16 миллиард көлемінде өтеуі керек. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro