Олигархтардан қайтарылған миллиондаған ақша тұратын әшекейлер сатылмай қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олигархтардан қайтарылған миллиондаған ақша тұратын әшекейлер сатылмай қалды Фото: cabinet-auction.e-qazyna.kz

Бүгін Қайтарылған активтерді басқару компаниясы сатуға шығарған зергерлік бұйымдар сатылмай қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Қайтарылған активтерді басқару компаниясы сатуға шығарған зергерлік бұйымдар сатылмай қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сауда-саттық жасалған жоқ, өйткені бірде-бір қатысушы тіркелмеген.

Әзірге сатылмаған зергерлік бұйымдар арасында мынадай әшекейлер бар:

  • 14,7 миллион теңге тұратын, 750-сынамадағы ақ алтыннан жасалған YEPREM сақинасы.

cabinet-auction.e-qazyna.kz

Сақина 85 гауһар таспен көмкерілген.

  • Құны 7,5 миллион теңге тұратын, 750-сынамадағы ақ алтыннан жасалған Frank Muller алқасы.

Бұл зергерлік бұйым салмағы 4,6 карат болатын ақ гауһар тастармен көмкерілген.

  • Құны 3,3 миллион теңге тұратын, 750-ші үлгідегі сары алтыннан жасалған Yana Jewellery сақинасы мен білезігі.

cabinet-auction.e-qazyna.kz

Әшекейдегі тастардың жалпы саны - 235, оның ішінде салмағы 5,46 карат болатын ақ гауһар тастар бар.

  • Құны 4,3 миллион теңге тұратын, 750-ші үлгідегі ақ-сары алтыннан жасалған Frank Muller сақинасы.

cabinet-auction.e-qazyna.kz

Сақинаның салмағы - 9,78 грамм, зергерлік бұйым 58 гауһар таспен көмкерілген.

Бүгін сатылымға 15 әшекей шығарылды, олардың құны 380 мың теңгеден 14 миллион теңгеге дейін жетеді. Алайда олардың ешқайсы сатылмады.

Еске салайық, бұған дейін олигархтардан қайтарылған әшекейлердің суреті жарияланды. Аукционға қойылған активтердің ішінде 63 зергерлік бұйым болды. Олардың ішіндегі ең қымбаты DE BEERS сырғасы еді, құны 158 миллион теңгеге бағаланды. Әшекей 750-ші ақ алтыннан жасалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети