Олигархтардың жарты миллиард теңгеден асатын сәнді бұйымдары саудаға шығарылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олигархтардың жарты миллиард теңгеден асатын сәнді бұйымдары саудаға шығарылды

8 қазанда жалпы құны 500 миллион теңгеден асатын 48 сән-салтанат бұйымы электронды саудаға қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

8 қазанда жалпы құны 500 миллион теңгеден асатын 48 сән-салтанат бұйымы электронды саудаға қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (ҚАБК) аукционға тәркіленген коллекциялық сағаттарды, әлемдік брендтердің зергерлік бұйымдарын және сирек кездесетін бұйымдарды шығарды.

Олардың арасында Patek Philippe, Breguet, Franck Muller, Harry Winston, Bovet сағаттары, сондай-ақ Van Cleef & Arpels, DE BEERS, Yana Jewellery және басқа да зергерлік әшекейлер бар.

Аукцион 8 қазанда сағат 12:00-де электронды сауда порталында өтті.

Фото: e-qazyna.kz

Қандай бұйымдар сатылды?

48 лоттың ішінен сатып алушылар тек онын ғана сатып алған. Негізінен орташа бағадағы әшекейлер мен танымал брендтердің аксессуарлары қызығушылық тудырды. 10 лоттың әрқайсына тек бір қатысушы өтінім бергендіктен, сауда бәсекесіз өткен.

YEPREM брендінің 114 түрлі қырлы гауһармен безендірілген ақ алтын сырғасы 6,6 миллион теңгеге сатылған.

FOPE брендінің сары алтыннан жасалған, гауһар және інжу тастармен безендірілген алқасы 4,7 миллион теңгеге өткен.

Фото: e-qazyna.kz

Marco Bicego брендінің бірнеше әшекейі сатылған: білезік - 2 миллион теңге; алқа - 2,8 миллион теңге; сырға - 1,5 миллион теңге; інжу және асыл тастармен безендірілген тағы бір алқа - 2,7 миллион теңге.

Фото: e-qazyna.kz

Сонымен қатар, гауһар мен сапфир тастары бар сырға мен сақина жиынтығы 3,5 миллион теңгеге, ал Damiani брендінен сақина мен сырғадан тұратын жиынтық 2,6 миллион теңгеге сатылған.

Фото: e-qazyna.kz

Ондаған қымбат әшекейдің ішінде ерекше көзге түскені - Nike+Fuelband каучук білезігі. Ол бар болғаны 18 мың теңгеге сатылған.

Фото: e-qazyna.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети